Андерсен
Мың бір мысал • 31 Наурыз, 2025
Ертегіні ересектер де оқыса ғой
Копенгагендегі Король бағында ерен ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің ежелгі ескерткіші тұр. Олай дейтін себебіміз тас мүсін Андерсеннің көзі тірісінде салынған. Алайда ескерткіштің алғашқы нұсқасы оның көңілінен мүлде шықпаған. Жобаның сызбасында қаламгердің тізесіне отырып ертегі тыңдаған бала бейнеленген көрінеді.