Аралды құтқару халықаралық қоры
Экология • 03 Қаңтар, 2024
Аралды құтқару халықаралық қорына Қазақстан төрағалық етеді
Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету кезегі 2024 жылдан бастап елімізге өтті. Алдағы үш жылда аталған ұйымды Қазақстан басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.