Арал проблемасы
Парламент • 21 Желтоқсан, 2022
Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары Арал проблемасын талқылады
Қазақстан Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаевамен бірге екі елдің Сенаттары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның үшінші отырысына қатысты. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың бірқатар маңызды басымдықтарын, оның ішінде өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.