Армспорт клубы
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Бір көшесінен 18 әлем чемпионы шыққан аудан
Алты құрлық «армрестлинг» деп білетін білектілер бәсекесі қазақтың ұлттық ойыны - қол күрес. Сырттай қара күштің иесі ғана жеңістің тұғырында тұратындай болып көрінетін спорттың бұл түріне интеллект пен икем де керек. Қарсыластың қарымын бағамдау, сайыс барысында тиімді техниканы ұтымды қолдана алу, жеңіске жетелер жаттығу жайын жүйелеу - ақылдың ісі. Білгеніңнен жаңылмай білекті жығу үшін шапшаң қимыл, игерілген икем қажет. Спорттың бар түріндей қол күреске қадам басқандар да шынығып, тынбай тер төгіп, іркелмей іздену арқылы ширығады, деп жазады Egemen.kz.