Аршалы ауданы
Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2024
Аршалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Аршалы ауданының әкімі болып Достанбек Есжанов тағайындалды. Бұған дейін ол Біржан сал ауданының әкімі қызметін атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.