Астана контрреттегіші тексерілді
Үкімет • 08 Сәуір, 2024
«Су басу қаупі жоқ»: Астана контрреттегіші тексерілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді. Қала арқылы тасқын суларды өткізуге және ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жайы бақыланды. Сонымен қатар Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайы тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.