Атырау ФК
Фотогалерея • 10 Маусым, 2020
ҚПЛ футболшылары ұзақ үзілістен кейін жаттығу алаңдарына орала бастады
"Атырау" футбол клубының ойыншылары ұзақ үзілістен кейін "Мұнайшы" стадионына қайта оралды. Аяқ допшылар карантиннен кейінгі жаттығуға кірісіп, алдағы біріншілікке дайындалып жатыр. Команда құрамы түгел дерлік жаттығуға жұмылдырылған. Сонымен қатар, барлық санитарлық шаралардың сақталуы назарға алынған. Даярлық күніне екі рет жүргізіледі.