АҚШ оқушылар жеңімпаз
Ғылым • Бүгін, 18:55
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Осыдан бес күн бұрын АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 әлемдегі ең ірі ғылыми жобалар байқауында жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақстандық оқушы марапатқа ие болған еді. Бүгін қазақстандық оқушылардың тағы екі жобасы жасанды интеллект саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі Association for the Advancement of Artificial Intelligence, қысқаша AAAI, арнайы марапаттарына ие болды, хабарлайды Egemen.kz