Ақыл депозиті
Экономика • 13 Мамыр, 2025
Мемлекеттен бала білімі үшін қалай ақша алуға болады
«Келешек» - балаңыздың жарқын болашағы үшін қазірден қамдануға мүмкіндік беретін бағдарлама. Осы бағдарлама шеңберінде ашылған шотқа алғашқы жарнаны мемлекет салады. Оның көлемі - 235 920 - 471 840 теңге. Жинақталған соманы бала колледж, еліміздегі тіпті шет елдегі ЖОО-дағы оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Жинақ салымшысы мемлекеттік грант иегері атанса шоттағы барлық соманы қолма-қол шешіп немесе баспана алу үшін қолдану тетігі қарастырылған. «Келешек» аясында депозит 0-5 жас аралығындағы балалар үшін ғана ашылады. Бастапқы білім капиталын ашудың өзге қандай шарттары бар? Ел азаматтары шот ашу үшін қандай қадамдар жасау керек? Egemen.kz редакциясы жолдаған сауалдарға «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі жауап берді.