БЖТ
Қоғам • 20 Ақпан, 2023
БЖТ-ны кімдер және не үшін төлейді?
Елімізде еш жерде ресми жұмыс істемейтін, алайда табыс табатын азаматтар жетерлік. Олар зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайды. Үкімет мұндай азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дейді. Оның ішінде бала күтуші, фрилансерлер, такси жүргізушілер, қорадағы азын-аулақ малын сатып, табыс табатын өзге де қазақстандықтар бар. Дәл осы азаматтарға бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу тиімді әрі ыңғайлы. Ол төрт түрлі төлемді – жеке табыс салығын, зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарналарды біріктіреді. БЖТ-ны тағы кімдер төлей алады, сақтандыру мәртебесінен айырылмау үшін оны қалай дұрыс төлеу керек деген сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Медициналық қызметтерді тұтынушылармен жұмыс жасау – Байланыс орталығы басқармасының басшысы Бекзат Тұрмаханбетов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.