Балалар кітапханасы
Білім • 11 Ақпан, 2021
Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық кітапхана ашу мәселесі пысықталады
Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенатор ұлттық электрондық балалар кітапханасы порталын ашуды ұсынды
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі 2007 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында ашқан Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы kazneb.kz порталындағы цифрландырылған электрондық кітаптардың сапасын сынға алып отыр. Ондағы электрондық кітаптардың 3D нұсқасын оқу қиынға соғады, мәтіндері анық емес, бұлыңғыр, кейбір аудио-кітаптар мүлдем ашылмайды екен, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.