Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы
Президент • 01 Маусым, 2024
Президент Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусымен танысты. Жаңа ғимарат Emergency халықаралық стандартына сай салынған әрі триаж жүйесіне сәйкес тәулігіне 500-ден аса науқасты қабылдай алады. Орталықта 26 төсек орынға есептелген реанимация және қарқынды терапия бөлімі, диагностика бөлімі және 4 операция блогы бар, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.