Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
Президент • 22 Қаңтар, 2024
Былтыр балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан
Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Президент балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны 22 пайызға артқан. Мемлекет басшысының пікірінше, осы бағытта алдын алу жұмыстарын күшейту қажет, полиция мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқаруға тиіс. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.