Балерина Капучино
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
«Trallallero Trallalla». Балалар не көріп жүр?
Көк түсті аяқ-киім киген үш аяқты акула, жарты басы капучино, жарты денесі балерина, Fortnite ойнап отырған әке мен Бургер есімді мем. Қаншалықты қисынсыз естілсе де, бұл — бүгінгі интернеттің ең танымал кейіпкерлері. Оның фондық әуені де жұмбақ: «Trallallero Trallalla». Бастапқыда күлкі тудырған бұл әуен уақыт өте келе қоғамның қызу талқысына түсті. Бұл не ән? Қайдан шыққан? Ең бастысы — неге балалар мен жастарды қызықтырады?