Бауыржан Серікбаев
Қоғам • 26 Сәуір, 2024
Ассамблеяның қайырымдылық құндылықтарын ілгерілетудегі рөлі орасан - сарапшы
Ұлттық статистика бюросы ұсынған кейінгі деректерге көз жүгіртсек, Қазақстан халқының саны - 20 075 271 адам. Оның ішінде 71 пайызға жуығы қазақ ұлты болса, 29 пайызы - өзге этнос өкілдері. Түрі бөлек болғанмен тілегі бір тұрғындар тарихи сүреңдерді артқа қалдырып, бүгінгі күнге дейін тату ғұмыр кешіп келеді. Бейбітшілік пен бірліктің үздік үлгісін көрсеткен Қазақстан халқы қиналғанға қол ұшын созып, далаға дәуірлерден жеткен «тыныштық үнін» үзген емес, деп жазады Egemen.kz.