Бағдәулет Кенжалиев
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деп аталуы бізге, ғалымдар алдына үлкен мақсат қойып отыр. Бүгінде еліміз ілгері даму үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Осыған сай, қоғамның бет-бұрысы өзгеріске түсіп отыр. Адамдардың санасы жаңарып жатыр, ғылыми көзқарасқа деген серпіліс қалыптасып отыр. Кешенді реформалар санатында ғылым-білімге деген құлшыныстар даму үдерісіне түскен. Кез келген бастама жаңа мүмкіндіктерге шақыратыны рас. Президент өз сұхбатында «еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс екенін» нақты көрсетіп беруі ғылыми ортада қолдау тауып отыр. Президенттің бұл ауқымды іске үлкен дайындықпен саланы зерттеп, білу арқылы келгені байқалады.