Белорусь Үкіметінің басшысы
Қазақстан • 05 Қараша, 2025
Қазақстан мен Белорусь премьерлері қандай мәмілеге келді?
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Екіжақты тауар айналымын ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және ЖИ саласындағы, сондай-ақ көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм сияқты тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.