Бельгиялықтар асырап алған бала.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Шетелдіктер қазақ балаларын асырауға ген тазалығы үшін қызыққан - Қымбат Досжан
2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласын анасымен қауыштыру үшін барын салып жүрген журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «1001 түн» хабарында қонақ болды. Журналист Жәнібектің досы Нәзия Маматовамен бірге 2 жасында Арқалықтан шет ел асырылған баланың анасын іздеу ісі қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.