Болатбек Нажметдинұлы
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Шымкенттегі жаңа көлік өткелінің құрылысымен танысты
Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында Момынов көшесінде теміржол үстінен жаңа автокөлік өткелі бой көтеріп жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы нысан басында болып, құрылыс барысын көрді. Ол бұл жоба қаладағы қозғалысты жеңілдетіп қана қоймай, кептелістерді азайтып, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.