Болат шығаратын жаңа зауыт
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор — Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Egemen.kz.