Біз соғысты көрген жоқпыз
Әдебиет • 05 Мамыр, 2025
Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ...
Барлық адам баласы дүниеге бала болып келеді. Бірден ересек қалпында жаралған екі-ақ адам бар. Ол Адам ата мен Хауа ана. Аңызда түп атамыздың жілік майы толысқан жігіт бейнесінде жаралғаны айтылады. Ал Хауа болса он жеті жастағы бойжеткен. Санаға салып сараптасақ, екеуінің сәбилік кезеңі болған жоқ. Кездескен бетте екеуі жұп құрап нәсіл өрбітті. Ересек ғұмыр кешті. Бірақ, шіркін-ай, балалық шақта батпырауық ұшырып, тығылмақ ойнай алғанға не жетсін. Хош, есіркеп қайтеміз, олар не дегенмен жұмақта туды ғой. Ал соғыс дейтін «тозақта» дүниеге келген балалардың тақсыретін қалай ұғынамыз?