Венчурлық инвестициялар қоры
Үкімет • Бүгін, 09:55
Үкіметте венчурлық инвестициялар қорын іске қосу мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов венчурлық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдері және халықаралық әріптестермен кездесу өткізді. Талқылаудың басты тақырыбы жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру болды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.