Гүлзифа Исрайлқызы
Білім • 18 Қараша, 2025
Зайсанда Абайдың шөбересінің 100 жылдығы атап өтілді
Зайсан қаласында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте Абайдың 180 жылдығына орай «Абай тағылымы және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Конференция тақырыбына Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы және Абайдың шөбересі, педагог-ақын, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Гүлзифа Исрайлқызының 100 жылдығы арқау болды, деп жазады Egemen.kz.