Диас Ахметов
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Елімізде ұлттық спортқа қаншалықты көңіл бөлініп жатыр
Елімізде ұлттық спортты ұнатып қана қоймай, мән бере айналысып жүргендер нөпірі артып келеді. Қалың қауым ден қойып, қайта сәнге айналған спорттың бірі – садақ ату. Ежелде жауға шапқанда алғышептен қорамсаққа қол салған мергендер орын алған. Бейбіт күнде мазмұны түрленген садақ ату ойды жинақтап, ептілікке баулитын – ұлттық спорт. Елімізде Республикалық садақ ату федерациясы 2019 жылы құрылған. 2022 жылға дейін өзін спорт ретінде дәлелдеп, сол жылдың қазанында тұңғыш рет Маңғыстауда ҚР чемпионаты өтті. Алғашқы мергендер бәсекесіне 200-ге жуық адам қатысқан. Федерация құрылған тұста садақ атуды жанынан серік етіп, кәсіби деңгейде көңіл бөлген 50 спортшы болса, бүгінде бұл көрсеткіш 300-ге жеткен. Оның ішінде 52 мерген ел намысын әр деңгейдегі дүбірлі додаларда қорғап жүр. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі 8 садақшы мемлекет тарапынан стипендия иегері атанған. Садақ атудың тартымдылығы арта түскенін федерацияның 20 өңірде ашылғанын-ақ аңғаруға болады, деп жазады Egemen.kz.