Диуани лұғат-ат-түрк
Руханият • 24 Маусым, 2024
Түркітанушы ғалымдар Махмұд Қашқари мұрасын талқылады
Бүгін, 24 маусымда Қырғызстан астанасы Бішкекте «Түркі әлемінің ортақ мұрасы «Диуани лұғат-ат-түрктің» 950 жылдығы» атты халықаралық конференция өтті. Аталған іс-шараны Түркі Академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының қолдауымен ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.