Дуэль
Ғылым • 23 Сәуір, 2025
Жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?
«Интеллект» және «зияткерлік мінез-құлық» ұғымдарының көпшілікпен мақұлданған толық анықтамасы әлі күнге дейін табылған жоқ. Мұның себебі адам санасы мен оның ойлау жүйесінің асқан күрделілігінде. Әйтсе де мақсаты мен мүддесі, нәтижесі мен жемісі жете танылмаған жасанды интеллектінің кернеуін күннен күнге күшейтіп жатқанымыз жасырын емес. Мұнымыз «сонда бар, қайда екенін білмеймін, бір нәрсе алып кел, не екенін білмеймін» деген тапсырма алған ертегі кейіпкерінің әрекетіне бек ұқсас дүние.