Ділдәр Мамырбаева
Абай • 28 Сәуір, 2025
«Абай жолын» алғаш оқығанда...
Биыл хакім Абайдың өмірге келгеніне 180 жыл толды. Ақылы мен даналығы жұрттан асқан аға сұлтанның баласы заманынан озып туған тұлға ретінде ұлықталып келеді. Тек қазақ жұрты ғана емес, күллі әлем әдебиетінде өзіндік орыны бар Абай Құнанбайұлының өмірін суреттеген «Абай жолы» эпопеясы кітап болып жарыққа шыққаннан бері оқырманның қолынан түспей, жыл сайын биіктеп келеді. Өткенде жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» атты көлемді эссесін оқып отырып, «Абайды алғаш оқығанда әр адам әртүрлі күй кешкен болар?» деген сауалдың төңірегінде ойландым. Айтпақшы, Мұхтар Мағауин «Абай жолы» романының екі томын небәрі 8 жасында оқып тауысқанын жазады. Ал өзге қаламгерлер Абайды алғаш оқығанда, қандай әсерде болды екен, сөйлетіп көрелік. Бұл туралы жазушы Ділдәр Мамырбаева әңгімелестік.