Дүйсенбі синдромы
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Дүйсенбіден бастаймын» синдромы. Жаңа іс бастағысы келген адам неліктен дүйсенбіні таңдайды?
Мойындаңызшы... Өміріңізде бір рет болсын жаңа іс бастауды дүйсенбіге қалдырдыңыз ғой, иә? Апта басы символикалық тұрғыда жаңа істі қолға алуға сұранып тұрғанмен, бұл сөзді жиі жалаулатудың психологиялық-менталдық астары барын да ұмытпаңыз. Заманауи психология ғылымы мұндай әрекеттерді «өмірді кейінге шегеру» синдромына телиді, деп жазады Egemen.kz.