Дәрігер Әзиза
Медицина • 23 Қараша, 2023
Балаңызда аурудың бұл белгілері байқалғанда дереу дәрігерге қаралу керек - педиатр
Қыстың ызғары сезіліп, күн суыта бастағанда балалар арасында тұмаудың өршитіні белгілі. Аурудың асқынуына ата-ананың дер кезінде сауатты ем-шара жүргізбеуі де әсер етеді. Бала ағзасын салқын температураға бейімдеу, суыққа қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды. Қыс келсе баланы қабат-қабат киіммен қымтап, үйде қамап ұстау әдеті қанға сіңген. Бұл қаншалықты дұрыс? Баланың тұмауға қарсы қалқанын дайындауда берілетін базалық дәрумендер жиынтығы қандай? Бала ағзасын қыста өршитін ауруларға қарсы қоюда ата-ана ескеретін алғашқы жаднамаларды жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр-массажист, «Дәрігер - АНА» кітабының авторы, онлайн арқылы мыңдаған анаға ой салып жүрген кәсіби маман Әзиза Әбдірасілқызынан сұрап білдік.