Егін жинауды қаржыландыру
Шаруашылық • 29 Қараша, 2024
Көктемгі егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды
Үкімет АӨК дамыту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Қазақстанда Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.