Елді тыңдау
Таным • 13 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылдың алдында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жайлы айтып: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдаманы іске асыру – бәрімізге ортақ міндет», деген болатын. Президентіміз жоғарыдағы мәселені жылдың басында тағы да еске салып: «Біз халық үніне құлақ асатын мемлекет құрамыз. Бұл – асыра айтқандық емес. Шын мәнінде, мемлекет өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдауы қажет» деді.