Елорда автобустары
Аймақтар • 27 Сәуір, 2021
Елордада жолақыны SMS арқылы төлеу тоқтатылады
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде 1 мамырдан бастап SMS-хабарлама жолдау арқылы төлеу қызметі өшіріледі. Мұндай шешім ұялы байланыс операторлары қызметінің жиі істен шығуына байланысты тасымалдаушылардың сұрауы бойынша қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.