Ел жанашыры
Қоғам • Бүгін, 16:22
«Ел жанашыры» төсбелгісін таратқан меценатқа айыппұл салынды
Мәдениет және ақпарат министрлігі 20 мыңға жуық қоғамдық ұйым қызметін талдап, тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматыдағы Ұлттық кітапханада бірқатар азаматқа Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс», «Батыр Шапағаты», «Ел жанашыры» төсбелгілері, «Алтын адам» жыл сертификаты мен статуэткасы табысталғаны анықталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің Мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған, деп жазады Egemen.kz.