Ерболат ҚАМЕН
Тарих • Бүгін, 08:10
Ашық теңіздегі ажалмен арпалыс
Әр сәті бейкепіл – фәни жүзі. Дегенмен, бәлкім содан да, пенде басымыз таң қаларлық сәттер, кездер аз емес. Мәселен, үш-төрт жыл бұрын өз басым айрықша қадірлейтін Елемес Рахметов ағамыздың әңгімесі ерекше елең еткізді. Сәті қазір түсіп, ақ қағазға қаттап қоюды жөн санадым. Бұл жердегі ең негізгі ой – адам баласы үшін тіршілік атаулының, перзенті алдындағы адалдығының қаншалықты құнды екені туралы. Расында, осынау оқиғаны әдеби шығарма түрінде беруге ықыластанғам әу баста. Эрнест Хэмингуэйге ұсынсаң, тағы бір «Шал мен теңіз» шығармасына ұласарлық оқиға.