Ерлан Асанов
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Интернет-алаяқтар арасында қандай схемалар кең тараған
Онлайн-алаяқтар күн сайын алдау әдістерін жетілдіріп жатыр, егер бұрын, цифрландыруға дейінгі кезеңде, олардың әдістері қарапайым болса, қазір соңғы технологияларды – нейрондық желілерді, виртуалды нөмірлерді, танымал банктердің сайттары мен қызметтерінің имитациясын қолдануда. Жаңа технология пайда болғаннан кейін көп ұзамай қаскүнемдер оны өз мақсатында пайдаланатыны сөзсіз. Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ерлан Асанов алаяқтық шабуылдардан қалай қорғануға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Fingramota.kz-ке сілтеме жасап.