Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босату ұсынылды
Бүгінде үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялау жүйесімен 4 млн астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды. Бұл шамамен 4,8 млн адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.