Жануарларға жауапкершілікпен қарау
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Экология министрлігі "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын талқылауға шақырады
5 тамызда, сағат 11.00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген осы заң жобасын қоғамдық талқылауды өткізеді. Бүгінгі таңда бұл құжат Үкіметтің қарауында.