Жас ғалымдарды қолдау
Білім • 11 Наурыз, 2025
Елімізде жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады
Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.