Жаңа Ата заң жобасы
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ондағы ұсынылған түрлі жобалардың елді дамытуға деген мүмкіндігі барысын саралады. Сондай-ақ, саяси жүйенің қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымағы мен жаңартудағы маңызды кезеңдерді қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.