Жаңа Кешенді жоспар
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2023
Машина жасау: Кешенді жоспарды іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесуінде саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Үкімет басшысы саладағы өндірістің өсу қарқынына оң баға бере отырып, қабылданған құжаттың маңыздылығын атап өтті, айтуынша, Кешенді жоспарды жүзеге асыру машина жасау саласын ғана емес, тұтастай алғанда еліміздің өңдеуші өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.