Жел электрстансасы
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Хромтауда екі жел электрстансасы салынады
Ақтөбе облысында жалпы қуаты 450 МВт болатын бес жаңартылатын энергия жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, осы жылы Хромтау ауданында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электрстансасы құрылысы басталады. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, осы жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және құрылысты «Darmen Shuak» және «Next Green Energy» ЖШС-тері жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.