Жетісу командасы жеңімпаз
Ұлттық спорт • 24 Мамыр, 2024
«Ұлы дала жорығы-2024»: Үшінші маусым жеңімпазы – «Жетісу» командасы
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Аманжол Әлтай және Қазыбек Әлішев қатысты. Бұл туралы «Ұлы дала жорығы» баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.