Жолдарды қалпына келтіру жұмыстары
Оқиға • 19 Қыркүйек, 2024
Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді
Атырау облысындағы 8 жол учаскесін салуға және жөндеуге Үкімет резервінен қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.