Жолдау-2023
Сенат • 13 Қыркүйек, 2023
Жас сарапшылар клубы жаңа экономикалық үлгіні талқылады
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуының жаңа парадигмасын және оны іске асыру тетіктерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 06 Қыркүйек, 2023
Жаңа жылдан бастап 1,8 млн-ға жуық жұмыскердің жалақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы өлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады. Бұған сәйкес әртүрлі саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда қызмет ететін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда • 04 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша елорда қалай дамиды?
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша елорданың дамуының оң динамикасы атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • 01 Қыркүйек, 2023
Ерлан Қарин: Жолдауда ел экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген өзекті әрі маңызды тұстары жайлы пікір білдіріп, Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы дұрыс бағытта белгіленгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.