Зейнолла Байжасаров
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Байланыс бастығы Байжасаров аңызға айналған танк бригадасы сапында шайқасты
Мен көптеген батырлардың өмірбаянымен танысу құрметіне ие болдым. Бірақ солардың арасында Қарағанды облысы Ақтоғай ауылының қарапайым жігіті Зейнолла Сүлейменұлы Байжасаровтың ерлік пен еңбек жолы ерекше. Екінші дүниежүзілік соғыста жеті майдан шебінде Мәскеуді қорғаудан бастап, Берлинді бағындыруға дейінгі аралықта жауға қарсы шайқасқан.