Кашмирдегі қазақтар
Тарих • 12 Маусым, 2020
АҚШ-та жарық көретін "Нэйшнл джиографик мэгэзин" журналының 1954 жылғы 61-ші санында "Қазақтар азаттыққа қалай аттанды" дейтін мақала жарияланған. Оның авторы Милтон Дж. Кларк деген американдық азамат. Осы мақаламен бірге қазақтар өмірінен түсірілген түрлі-түсті суреттер де берілген. Бажайлап қарасаңыз, суреттерден нағыз қазақы тұрмысты, этнографиялық өмір салты аңғарасыз. Суреттер Пәкстанның Сринагар қаласынан 90 шақырым жерде биік таудың аңғарында түсірілген. Сонда бұл қазақтар кімдер?