Керуен жырдың күймесінде
Мәдениет • 12 Маусым, 2025
Астана қаласында жыршы Ұлдана Нұртуғанқызының «Керуен жырдың күймесінде» атты жеке концерті өтті. Қазақ ұлттық өнер университетін биыл тәмамдаған жас өнерпаз Сыр өңіріндегі Жиенбай жырау мектебінің өкілі. Қазір оның зердесінде Балқы Базар, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары сынды сыр саңлақтарының мұрасынан бастап, Көрұғлы, Едіге батыр сынды эпикалық шығармалардың үлкен қоры бар. Расында саф өнердің жұпары жұқпаған әсіреңкі әртістердің кеулеген тұсында қырық мың жолдық дастандарды жадына тоқыған жас өнерпаздың үлкен сахнаға көтерілуі – ел руханиятының жаңа тынысы һәм жарқын құбылысы, деп жазады Egemen.kz.