Комиссия құжаттары Президент архивіне тапсырылды
Архив • Бүгін, 11:42
Комиссия құжаттары Президент архивіне тапсырылды
Президент архивінде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау рәсімі өтті. Рәсім барысында қағаз түріндегі құжаттар, сондай-ақ комиссияның қызметі мен конституциялық реформаны қоғамдық талқылау барысын көрсететін аудиовизуалды құжаттар, оның ішінде дыбыс жазбалары, цифрлық фотосуреттер және бейнеқұжаттар Президент архивіне тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz