Кәмелетке толмағандарға көмек
Қоғам • 21 Қазан, 2024
Биыл 30 мыңнан астам балаға әлеуметтік көмек көрсетілген
Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жылдың тоғыз айында 30 мыңнан астам балаға комиссия жұмысы аясында қажетті көмек көрсетілген. Қолдау білім алуға қолжетімділікті, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмекті, сондай-ақ оңалту іс-шараларын қамтыды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.