Көлік полициясы департаменті
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2023
Көлік полицейлері Жолдауда айтылған міндеттерді талқылады
Көліктегі полиция департаментінде Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, департаменттің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ онлайн режимде қосылған желілік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.